Пісіп жетілген құрмалар

Сахабалардан болған хазреті Әбу Дәрда (Алла ол кісіге разы болсын), таң атқанда ерте тұрып мешітке қарай жүгіретін. Намаз оқып болғаннан кейін оқылған Құран кәрімді рахаттанып тыңдап, мешіттен шығарда да ең соңғы болып шығатын. Бір күні бамдат намазында сүйікті пайғамбарымыз намазды бітіргеннен кейін тәсбиһ дұғаларды айтып, асығып шығып кетті. Бұл жағдай бірнеше күн жалғасқаннан кейін сүйікті пайғамбарымыз:

— Ей Әбу Дәрда! Сен әуелде мешітке бәрінен бұрын келіп, бәрінен кейін шығатын едің. Қазір саған не болды?- деп сұрайды. Хазреті Әбу Дәрда былай деп жауап береді:

— Йа Расулаллаһ! Білетініңіздей құрмалардың пісіп жетіліп жерге түсетін ыстық маусымдамыз. Көршіміздің құрма ағаштарының бұтақтары біздің ауламызға қарай иіліп тұр. Түнде сол ағаштан біздің аулаға түсетін құрмалар, таң атқанға дейін көбейіп кетеді. Бамдат намазынан кейін тез жетіп бармасам, балаларым ұйқыдан тұрғанында құрмаларды жеп қояды. Негізінде мен балаларыма харам жегізбеймін деп Алла та’алаға сөз бергенмін. Сол себептен балаларым оянып аулаға шықпай тұрып, біз жаққа түскен құрмаларды теріп көршімнің ауласына тастаймын. Асығып шығып кетіп жүргенімнің себебі осы.

Related Post

Ең әдемі гүлЕң әдемі гүл

Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай, асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен.

Ауыздағы тасАуыздағы тас

Пайғамбарымыз (с.а.у ) Әбу Бәкірмен (р.а) бірге отыр еді, бір әдепсіз кісі келіп, Әбу Бәкір (р.а) дың намысына тиетін сөздер айта бастады. Пайғамбарымыз (с.а.у) ол әдепсіздікке үнсіздікпен жауап берді.

Кішкентайдан үлкен жауапКішкентайдан үлкен жауап

         Христиан бір адам,мұсылман өлкеге келіп көшеде ойнап жүрген баладан шіркеудің мекен жайын көрсетуін сұрайды. Шіркеуге жеткенде әлгі поп : — Жарайсың , балақай, ертең осында кел