ОҚО-да қариларды іріктеу сайысы өтті

ОҚО-да қариларды іріктеу сайысы өтті post thumbnail image

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша облыстық орталық мешітінде «VI Республикалық Құран жарысына» орай Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қариларды іріктеу туры өтті.

Сонымен қатар ОҚО Қариларына жатқа білу деңгейі, тәжуид, қирағат, ақида және фиқһ  бойынша аттестациялау өткізілді. Аттестациялау комиссиясы құрамына елімізге танымалғалымдар мен қарилар кірді. Олар: 1. А.Керімбек (ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің Бас имамы, комиссия төрағасы), 2. Ә.Сманов (ҚМДБ «Сарыағаш» медресесінің директоры), 3. К.Садықов  (Қари, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстазы), 4. Абдулалим Жабир (Қари, Мысыр), 5. Мухаммад Мунтасир (Қари, Мысыр), 6. Худайбергенов Улугбек (Қари, Шымкент), 7. С.Олжабай (Республикалық Қарилар орталығының директоры, Астана).

Қала және аудандардан жалпы 30-ға жуық қари бақтарын сынады. Олардың ішінде үздік шыққандар «VI Республикалық Құран жарысына» жолдама алса, 30 пара жаттаған барлық қариларға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің Бас имамы А.Керімбектің атынан арнайы сертификаттар табысталды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

Related Post

Мемлекеттік емтихан тапсырдыМемлекеттік емтихан тапсырды

Алланың Елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) ең алғаш түскен: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!», – деп басталатын «Алақ» сүресінің алғашқы аяттары еді. Яғни, Жаратқан Иенің атымен оқу,