Оразаны бұзатын амалдар

С: Қай амалдар оразаны бұзады?

Ж: Дәнек немесе майда тас немесе темір бөлігін жұтып қойған және қан құйдырған адамның оразасы және қарнындағы немесе тамағындағы жараға сұйық дәрі тамызғанда ішіне өтіп кетсе, оразасы  бұзылдаы. Әйел адамды сүйгенде немесе аймалағаны үшін мәни келген, таң атып қалғанда таң атпады деп сәресін ішіп жеген, күн батпай тұрғанда күн батып қалды деп ауыз ашқан адам тек қазасын ғана орындайды. Оған каффараттың қажеті жоқ.

С: Ауыздан құсық өзі келсе немесе қолын аузына салып құсса ораза бұзылама?

Ж: Жүрегі айнып лажсыздан құсса бұзылмайды. Ал өзін мәжбүрлегендіктен ауыз толы құсса бұзылады. Оның қазасын ұстау — уәжіп.

С: Қандай жағдайда қаза оразаға қоса каффарат жасау – уәжіп?

Ж: Қасақана жыныстық қатынасқа барса, біле тұра бірдемені ішіп – жесе ораза бұзылады. Ол адамға бұзған оразасының қазасын және каффаратын қоса өтеу міндеті жүктеледі.

С: Каффараттан не түсінеміз?

Ж: Каффарат деп құлды азат етуді, оған шамасы келмесе, рамазан айынан және ораза ұстаудан қайтарылған күндерден басқа кезде бірден екі ай арасын үзбей ораза ұстауды, оған шамасы келмесе, алпыс міскінді тамақтандыруды айтады.

С: Рамазан оразасынан басқа оразада каффарат болама?

Ж: Рамазан айындағы оразадан басқа оразада, тіпті рамазан оразасының қазасында да каффарат болмайды.

С: Жоғарыда баяндалған кейбір істерді істегні үшін оразасы бұзылмайтын кез бола ма?

Ж: Оразада ұмытып ішіп – жесе немесе ұмытып жыныстық сезімдерге берілсе ораза бұзылмайды. Сондай- ақ ұйықтап орнынан тұрғанда жүніп болғанын байқаса, денесін майласа, қан алдырса, көзіне сүрме жақса, сүйсе оразасы бұзылмайды.

Related Post

19.02.2022ж Колледжімізде шәкірттердің достығы мен ынтымақтастығын арттыру және жастар арасында спорттың кіші футбол түрін дамыту мақсатында жарыс өтті, Жарысқа дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сатимов Нурпеис пен Асанов Бауыржан төрешелік етті. Жарыс қызықты және өте тартысты өтті. Қатысушылар «А» және «Б» тобына бөлініп, жалпы екі топта сегіз команда ойын көркін қыздырды..19.02.2022ж Колледжімізде шәкірттердің достығы мен ынтымақтастығын арттыру және жастар арасында спорттың кіші футбол түрін дамыту мақсатында жарыс өтті, Жарысқа дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сатимов Нурпеис пен Асанов Бауыржан төрешелік етті. Жарыс қызықты және өте тартысты өтті. Қатысушылар «А» және «Б» тобына бөлініп, жалпы екі топта сегіз команда ойын көркін қыздырды..

«MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген төрт кітаптың танытымы өтті«MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген төрт кітаптың танытымы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген төрт кітаптың танытымы өтті,- деп хабарлайды @muftiyat.kz ресми сайты.ҚР мүфтиятыы рәсімге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият ұжымы қатысып, оқырманға жол