Оразаны бұзатын амалдар

С: Қай амалдар оразаны бұзады?

Ж: Дәнек немесе майда тас немесе темір бөлігін жұтып қойған және қан құйдырған адамның оразасы және қарнындағы немесе тамағындағы жараға сұйық дәрі тамызғанда ішіне өтіп кетсе, оразасы  бұзылдаы. Әйел адамды сүйгенде немесе аймалағаны үшін мәни келген, таң атып қалғанда таң атпады деп сәресін ішіп жеген, күн батпай тұрғанда күн батып қалды деп ауыз ашқан адам тек қазасын ғана орындайды. Оған каффараттың қажеті жоқ.

С: Ауыздан құсық өзі келсе немесе қолын аузына салып құсса ораза бұзылама?

Ж: Жүрегі айнып лажсыздан құсса бұзылмайды. Ал өзін мәжбүрлегендіктен ауыз толы құсса бұзылады. Оның қазасын ұстау — уәжіп.

С: Қандай жағдайда қаза оразаға қоса каффарат жасау – уәжіп?

Ж: Қасақана жыныстық қатынасқа барса, біле тұра бірдемені ішіп – жесе ораза бұзылады. Ол адамға бұзған оразасының қазасын және каффаратын қоса өтеу міндеті жүктеледі.

С: Каффараттан не түсінеміз?

Ж: Каффарат деп құлды азат етуді, оған шамасы келмесе, рамазан айынан және ораза ұстаудан қайтарылған күндерден басқа кезде бірден екі ай арасын үзбей ораза ұстауды, оған шамасы келмесе, алпыс міскінді тамақтандыруды айтады.

С: Рамазан оразасынан басқа оразада каффарат болама?

Ж: Рамазан айындағы оразадан басқа оразада, тіпті рамазан оразасының қазасында да каффарат болмайды.

С: Жоғарыда баяндалған кейбір істерді істегні үшін оразасы бұзылмайтын кез бола ма?

Ж: Оразада ұмытып ішіп – жесе немесе ұмытып жыныстық сезімдерге берілсе ораза бұзылмайды. Сондай- ақ ұйықтап орнынан тұрғанда жүніп болғанын байқаса, денесін майласа, қан алдырса, көзіне сүрме жақса, сүйсе оразасы бұзылмайды.

Related Post

МЕДРЕСЕ ҰСТАЗДАРЫ ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫМЕДРЕСЕ ҰСТАЗДАРЫ ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ

8-қазан “Рухани келісім” , 25-қазан “Республика күніне” орай Сарыағаш аудандық ішкі-саясат бөлімі және Сарыағаш аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен ұстаздар арасында спорттық іс-шара болып өтті. Жарысқа аудан бойынша мешіт және медресе

⚜️Расымен, еліміз Тәуелсіздікке аңсап, за­ры­ғып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек.⚜️Расымен, еліміз Тәуелсіздікке аңсап, за­ры­ғып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек.

🔰Бүгін Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері және ұстаздары сап түзеп, әнұран орындап, мемлекеттік көк туымызды жоғары көтеру рәсімі өтті. 🔰Колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлы айтулы күннің маңыздылығына тоқталып,мемлекеттілігіміз бен ұлттық бірегейлігіміздің негізі

Сарыағаш медресе колледжінің арнайы пән оқытушысы – республикалық байқаудың жеңімпазы!Сарыағаш медресе колледжінің арнайы пән оқытушысы – республикалық байқаудың жеңімпазы!

Қуанышпен бөлісеміз! Сарыағаш медресе колледжінің теология саласында қызмет етіп жүрген ұстазы Хайридинов Зухридин Заинидинович«Үздік теолог – 2025» атты республикалық байқауда жүлделі І орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.Бұл байқау еліміздегі діни