Көрші ақысы

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 15.03.2022 ж колледж шәкірттеріне “Көрші ақысы” тақырыбында уағыз насихат айтты.
Асыл дініміз исламда көрші ақысына үлкен маңыз беріледі. Бұл жайында қасиетті аят, хадистерде көп өсиет айтылған. Құран Кәрімнің «ән-Ниса» сүресінің 36-аятында:

وَاعْبُدُوا اللَّهَ وَلَا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَبِذِي الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَالْجَارِ ذِي الْقُرْبَى وَالْجَارِ ……….

– «Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған ешқандай да серік қоспаңдар. Ата-аналарың мен жақындарыңа, жетімдер мен міскіндерге, туысқан көршілерге, туыс емес көршілерге ………… жақсылық жасаңдар», – делінген.
Көрші ақысы жөнінде пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көптеген өсиеттер айтқан.

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قالت: قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنَّ لِي جَارَيْنِ فَإِلَى أَيِّهِمَا أُهْدِي؟ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّم: «إِلَى أَقْرَبِهِمَا مِنْكِ بَابًا»، رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Бірде Алла Елшісінен (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

– «Уа, Расулалла! Менің екі көршім бар, соның қайсысына сыйлық берейін?» – деп сұрағанда, «Есігі ең жақын орналасқанына» – деп жауап берген.
Жақсылық жасауға ең жақын көрші лайықты.Оның салмақты себебі бар. Әдетте кісі қабырғалас немесе жақын көршісінің үйінде не болып жатқанынан хабардар. Келімді-кетімді адамның бәрін көреді. Қандай да бір қиындыққа тап болғанда қасынан табылатын да сол көршісі. Сондықтан ондай көрші жақсылық жасауға әбден лайық деп колледж директоры Д.Сманов ұстаз сөзін аяқтады.

Related Post

Бізге берілген ең үлкен мүмкіндік ол — дұғаБізге берілген ең үлкен мүмкіндік ол — дұға

Автор: Әду Нұрболат ( Ғибратнама ) Дұғаның қабыл болуы немесе қабыл болмауы адамның рушылдығынан немесе әруақтардың қолдауымен емес, керісінше адамның шариғат үкімдерін қаншалықты деңгейде орындағанына байланысты. Пенде Алла Тағаланың үкімін

27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні. Қасиетті түні Сарыағаш Ислам Орталығында ақшам уақытынан таң намазына дейін уағыздар айтылып, дұға жасалады.