Жоғалған байлық қиссасы

Бір күні кешке бір адам Имам Әбу Ханифа раҳматуллоҳи алайҳтың алдына келіп «Ей имам, біраз уақыттан бері байлығымды көміп, жасырып келмін, енді сол байлығымды қайда көмгенімді есіме түсіре алмай отырмын. Осы тығырықтан шығуға маған көмек бере аласыз ба?» деп сұрады. Имам  оған: «Бұл фақиһтардың ісі емес. Мен бұл тығырықты қалай шешіп берейін?!» — дейді де, кейін оған «Үйіңе барып, таң атқанша намаз оқы, Аллаһ қаласа  дүниеңді көмген жерің есіңе түседі» деп ұсыныс береді.

Әлгі адам үйіне келіп , намаз оқи бастайды. Аз уақыттың ішінде намаз оқып тұрғанда байлығын көмген жер есіне түседі. Намазын бітіріп байлығын көмген жерге барып ашып алады.

Таң атқасын, Абу Ханифаның алдына келіп, дүниесін тапқанын айтып, рахмет айтып ризашылығын білдіреді және сұрады: «Көмген орнымды есіме түсуін қайдан білдіңіз?» Имам былай деп жауап береді: «Сен намазға кіргеніңде шайтан сені сені еш уақытта тастамайды және сені намаздан жаңылыстыру үшін түрлі тәсілдермен азғырады, соның ішінде байлығың көмілген орынды да есіңе түсіруін білдім»

Related Post

Сира жарысының бүгін финалдық кезеңі болып өтті.Сира жарысының бүгін финалдық кезеңі болып өтті.

Аталмыш сайыстың мақсаты шәкірттерді Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген ықыласын арттыру және өміріне деген қызығушылығын тудыру. Алдағы уақытта сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар Мәуліт кешінде марапатталатын болады!

12 СӘУІР ҒАЛЫМДАР КҮНІ!12 СӘУІР ҒАЛЫМДАР КҮНІ!

Колледж студенттеріне ғалымдар күніне орай қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сатпаевтың өмір баяны еңбектері жайында видео мәлімет көрсетілді.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани[1] (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар