Елімізде республикалық экологиялық “Таза қазақстан” акциясы жаппай өткізілуде. Елді бірлікке, тазалыққа насихаттайтын «Таза Қазақстан» акциясын өткізуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми түрде тапсырмасы берілген болатын.Осы орайда, Сарыағаш ауданында бүгін аудандық ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” республикалық акциясы өтті. БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар қатысқан тазалық іс-шарасына аудан әкімінің міндетін атқарушы Алдияр Қозыбаев, аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттар, ауданның ерікті жастары, ауыл тұрғындары және облыстық мәслихаттың депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш бастаған БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар бір кісідей белсене атсалысты.Ел игіліне арналған игі шараға Сарыағаш медресе колледжінің “Қыран” еріктілер тобы қалыс қалмай тазалық жұмыстарына араласты.

Осылайша аға буынның жастарға көрсеткен үлгі өнегесі ұрпақ сабақтастығының нық қадамдары деп білеміз.

Сарыағаш медресе колледжінің баспасөз қызметі

Related Post

Сіріңке талшықтарынан жасалған мешітСіріңке талшықтарынан жасалған мешіт

Дағыстанның Анди елді мекенінің тұрғыны Ахмад Ибрахимов туылғаннан құлағы керең мылқаулығына қарамай өмірде өз орнын тапқан. Үш жылдан бері ол сіріңке талшықтарынан және қарапайым қағаз желімі көмегімен таңғажайып қайталанбас ғимараттар

Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңізСіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шарифте: «Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды  үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз»-депті. Ендеше мұсылман баласына Құран үйрену ауадай қажет деп айтуға болатын шығар?