Дін өкілдері аудан әкімінен марапат алды!

21-қазан күні Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында “18 қазан – Рухани келісім” күні мерекесіне орай жиын өтті. Аталмыш мәжіліске
аудан аумағындағы діни конфессиялар жетекшілері және өкілдері бас қосып, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері кеңінен талқылады. Дін өкілдерімен жүздескен ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев жиын барысында:

  • Сіздерді “18 қазан – Рухани келісім күні” мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бейбітшілік пен
    рухани келісімнің, жоғары моральдық және адамгершілік құндылықтардың жақтаушысы бола отырып,
    Сіздер дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып келесіздер. Рухани келісім күні
    бірліктің, мейірімділік пен өркендеудің символына айналсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!- деп жылы лебізін білдірді.
    Жиын соңында діни конфессиялар жетекшілері аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
    Еңбегі еленген асыл дініміздің адал қызметкерлері Сманов Дінмұхаммет, Кадиров Еркин, Жакипов Жүсіпхан, Махсутов Азамат ұстаздарымызды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Related Post

“Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Бердуәлі Өтеген шәкірттерімізге жиын өткізді“Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Бердуәлі Өтеген шәкірттерімізге жиын өткізді

Түркістан облысы дін істері басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Бердуәлі Өтегеннің қатысуымен 2023 жылдың 9-ақпан күні «Діни экстримизмнің,теріс пиғылда діни ағымдардың алдын-алу» тақырыбы аясында колледжіміздің 1-курс студенттерімен

Көрші ақысыКөрші ақысы

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 15.03.2022 ж колледж шәкірттеріне “Көрші ақысы” тақырыбында уағыз насихат айтты.Асыл дініміз исламда көрші ақысына үлкен маңыз беріледі. Бұл жайында қасиетті аят, хадистерде көп өсиет айтылған.