ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Исмаилов Қанат Жарылқасынұлы:
1986 жылы 02 — мамыр Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жарты-төбе а\о Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Үйленген, 2 ұл 3 қызы бар.
БІЛІМІ:
1992-2003 жылдары Ынтымақ ауылындағы №09 С.Майлықожа атындағы жалпы орта мектепте білім алған.
2007-2010 жылдар аралығында Астана қаласындағы Политехникалық колледжін бітірген.
2010-2015 жылдар аралығында ОҚО Шымкент қаласындағы «Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы» университетінде бакалавр мамандығын тәмамдаған.
2015-2020 жылдар аралығында Түркістан облысы Шымкент қаласындағы «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін» тәмамдаған.
ҚЫЗМЕТІ:
2005-2007 жж аралығында ҚРҚК 70417 әскери бөлім қатарында мерзімді әскери қызметтін өткерді.
2018 жылдан бастап Сарыағаш медресесінде ұстаздық қызметін атқарып келеді.
2018-2021 жылдар аралығында Сарыағаш медресе колледжі Алғашқы әскери ұйымдастырушысы қызметін атқарды.
2021-2022 жылдар аралығында Сарыағаш медресе колледжі директорының Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдан бастап Сарыағаш медресе колледжі директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ
| БЕКІТЕМІН Колледж директорыны: __________ Д.А.Сманов «_____»_______ 2024 ж. |
Оқу жұмыс жоспары
Ынтымақ — 2024 жыл.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын орындау
Оқу процесін ұйымдастыру.
- Ұйымдастыру -әдістемелік жұмысы
| № | Қаралатын мәселелердің, жұмыстардың атауы | Орындау мерзімі | Индикаторлар/ Соңғы нәтиже | Жауаптылар |
| Мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспарын , оқу үрдісінің кестесін дайындау: 1.022010100 — Исламтану | тамыз | Мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспарын, оқу үрдісінің кестесі | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары | |
| 2. | ҚР Білім және ғылым министрінің техникалық және кәсіптік білім беру қызметін реттейтін заңдар мен басқада нормативтік-құқықтық актілердің,бұйрықтары мен нормативтік құжаттардағы міндеттемелердің орындалуын қадағалау | мерзімінде | бұйрықтары мен нормативтік құжаттардағы міндеттемелердің орындалуын қадағалау | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
| 3. | Аралас форматтағы сабақтарға мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес, жұмыс оқу бағдарламасын, күнтізбелік тақырыптық жоспарларын,педагогикалық жүктемелерін кесте және оқу үрдісінің графигін жасап бекіттіру | 29 тамыз | педагогикалық жүктемелерін кесте және оқу үрдісінің графигін жасап бекіттіру | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
| 4. | Оқу кестесін оқу үрдісінің кестесіне жүйесіне сәйкес дайындауға көмектесу | 29 тамыз | Оқу кестесін оқу үрдісінің кестесіне жүйесіне сәйкес дайындау | Оқу бөлімі |
| 5. | SmartNation college платформасында қашықтықтан білім беру технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану бойынша семинарлар өткізу | қыркүйек | білім беру технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану бойынша семинарлар өткізу | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары,әдіскер |
| 6. | Білім беру ресурстарын әзірлеу және жаңарту үшін педагогикалық қызметкерлерге, оқытушылық құрамға жағдай жасау | қыркүйек | жаңарту үшін педагогикалық қызметкерлерге, оқытушылық құрамға жағдай жасау | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары,әдіскер |
| 7. | Жаңа қабылданған оқушыларды топтастыру; оқуға қабылданғандардың жеке іс- парақтарымен жұмыс; жаңа топ жетекшілерімен жұмыс | қыркүйек | оқуға қабылданғандардың жеке іс- парақтарымен жұмыс; жаңа топ жетекшілерімен жұмыс жасау | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
| 8. | Жаңа қабылданған оқушыларды SmartNation college платформасына және ұлттық деректер қоры базасына тіркеу | қыркүйек | SmartNation college платформасына және ұлттық деректер қоры базасына тіркеу | Оқу бөлімі, топ жетекшілері, бағдарламашылар |
| 9. | Жаңадан келген оқушыларды колледждің ішкі жұмыс тәртібі ережесімен және жарғысымен таныстыру. | қыркүйек | оқушыларды колледждің ішкі жұмыс тәртібі ережесімен және жарғысымен таныстыру. | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары,тәрбие |
| 10 | Кабинеттің тазалығын және мүліктерін сақтауды қадағалау, бақылау. | үнемі | Кабинеттің тазалығын және мүліктерін сақтауды қадағалау, бақылау | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
| 11 | Оқу кабинеттерін бекіту және талапқа сай безендіру | қыркүйек | Оқу кабинеттерін бекіту | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары,әдіскер |
| 12 | I – курс студенттерінің үлгерім кітапшаларын толтыру | қыркүйек | I – курс студенттерінің үлгерім кітапшаларын толтыру | Оқу бөлімі, топ жетекшілері |
| II. Оқу -әдістемелік жұмысы | ||||
| 1 | Пәндердің оқытылу сапасын тексеру | Қыркүйек, мамыр | сапасын тексеру | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары,әдіскер |
| 2 | Оқу жоспары мен бағдарламаларының орындалуын қадағалау | үнемі | орындалуын қадағалау | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
| 3 | Білім алушыларға білім беру және сапалы оқыту үрдісін бақылау | үнемі | сапалы оқыту үрдісін бақылау | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
| 4 | Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестау жүргізіп, қашықтықтан бақылау жасау | оқу жылында | аралық және қорытынды аттестау жүргізіп, қашықтықтан бақылау жасау | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
| 5 | Емтихан, сынақ, бақылау жұмыстарының сұрақтарын талқылау, комиссия мүшелерін тағайындап бекіту | Семестр барысында | комиссия мүшелерін тағайындап бекіту | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
| 6 | Семестрдің қорытындысы бойынша оқу –тәрбие үрдісінің сапасын шығару | семестр соңында | оқу –тәрбие үрдісінің сапасын шығару | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
| 7 | Бақылау жұмыстарын және оқушылардың білім деңгейін тексеруді қадағалау -оқу журналы -сынақ кітапшасы -сынақ — емтихан ведомості -аттестация жинағын -семестр қорытындысын -педагогикалық жүктеменің орындалуы | мерзімінде | Бақылау жұмыстарын және оқушылардың білім деңгейін тексеруді қадағалау | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
| 8 | Мемлекеттік-кешенді емтихан сұрақтары мен билеттерін және дипломдық жоба тақырыптарын қарастырып бекіту, комиссия мүшелерін бекіту. | Қараша желтоқсан | комиссия мүшелерін бекіту. | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
| III. Ғылыми-ізденіс жұмысы | ||||
| Оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстарына көмектесу. | Оқу жылында | Оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстары | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары | |
| Курстық жұмыстарды қорғауды ұйымдастыру | мерзімінде | Курстық жұмыстарды қорғауды ұйымдастыру | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары | |
| Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияны меңгерту жұмысына көмектесу. | үнемі | Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияны меңгерту | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары | |
| Пәнаралық олимпиадалар ұйымдастыруға көмектесу | Ақпан | Пәнаралық олимпиадалар ұйымдастыруға көмектесу | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары | |
| Мамандықтар бойынша оқу семинарларын ұйымдастыруларға қатысу. | Кесте бойынша | Мамандықтар бойынша оқу семинарларын ұйымдастыру | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары | |
| Педагогикалық оқуды ұйымдастыру | Қаңтар, мамыр | Педагогикалық оқуды ұйымдастыру | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары, әдіскер | |
| Оқу әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар және дәрістер жинағын дайындау | Жыл бойы | дәрістер жинағын дайындау | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары,әдіскер | |
| ІV. Бақылау | ||||
| 1. | Бөлімше құжаттарын тексеру. Журналдар,үлгерім кітапшалары, Жеке іс-қағаздары. | Семестрде 1 рет Оқу жылының басында | Бөлімше құжаттарын тексеру | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
| 2. | Оқытушылардыңсабақтарына қатысу (сабақтардың ұйымдастырылуы және сапасы) | Әрдайым | Оқытушылардыңсабақтарына қатысу | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары,әдіскер |
| 3. | Студеттердің сабаққа қатысуларына бақылау жүргізу. | Әрдайым | сабаққа қатысуларына бақылау жүргізу. | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары,тәрбие |
| 4. | Сынақтардың және емтихандардың материалдарын уақытымен дайындауға бақылау жүргізу. | Әрдайым | дайындауға бақылау жүргізу | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
| 5. | Емтихан , сынақ, бақылау жұмыстарының жүргізілуін бақылау | Семестр кезінде | Емтихан , сынақ, бақылау жұмыстарының жүргізілуін бақылау | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
| 6. | Кабинеттердегі мүліктерге бақылау жүргізу. | Жыл бойы | Кабинеттердегі мемлекеттік мүліктерге бақылау жүргізу | Оқу бөлімі, бірлестік төрағалары |
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: К.Ж.Исмаилов
