⚜️Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Мансуров Батыржан Берденұлы оқу орнымызға арнайы ат басын бұрып, колледж ұстаздары және студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Батыржан Берденұлы студенттерге ислам діні мен адамгершілік құндылықтары туралы уағыз айтты. Ол жастарға дұрыс өмір сүру, қоғамда адал болу, ізгілік пен еңбекқорлықты дәріптеу жайында маңызды кеңестер берді. Сонымен қатар, ғылым-білімге және адамзаттың дамуына қосқан үлесі туралы да айтып өтті. Студенттермен сұхбаттасып, олардың сұрақтарына жауап беріп, рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды сақтап қалудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу өте мазмұнды және пайдалы өтті, ал студенттер өз ризашылықтарын білдіріп, өз сұрақтарына мардымды жауап алды.
Батыржан Берденұлы студенттерге ислам діні мен адамгершілік құндылықтары туралы уағыз айтты.
Рубрики:
Related Post
РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІРЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының бастамасымен халықтың репродуктивтік денсаулығына арналған республикалық апталық басталды. Іс-шара 24-30 маусым
⚜️ Сарыағаш медресе колледжінде 2-6 желтоқсан аралығында жастар мен жасөспірімдерге апталық өткізілді.⚜️ Сарыағаш медресе колледжінде 2-6 желтоқсан аралығында жастар мен жасөспірімдерге апталық өткізілді.
🔰Апталықта ғимараттағы қауіпсіздік ережесі туралы түсіндіріліп, жасөспірімдердің бір-біріне алғашқы көмек көрсетудің алғы шарттарын АӘД пәні оқытушысы Раймов Жалғас пен мейіргер маманның ғимаратың ішіндегі қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. 🔰Мамандар
