⚜️2024 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы Игенбай Айдос Назкенұлы Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарға діни білім мен тәрбие беру мәселелері, Қазақстандағы діни ахуал, жастардың рухани және азаматтық құндылықтарын қалыптастыру тақырыптарында сөз сөйледі.

🔰Айдос Назкенұлы студенттерге қазіргі қоғамда діни білім мен мәдениеттің маңызы туралы айтып, олардың қоғамда белсенді әрі жауапты азамат болып өсуі үшін дұрыс бағыт-бағдар алу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, діни білім беру ұйымдарының жастарға рухани бағытта терең әрі саналы білім беру міндеті туралы ойларымен бөлісті.
🔰Кездесу барысында студенттер түрлі сұрақтар қойып, оларды қызықтырған мәселелер бойынша жауаптар алды. Жастарға білім мен тәрбие берудің маңызды қырлары түсіндіріліп, болашақта ел игілігіне қызмет ететін азаматтар болып қалыптасулары үшін қолдау көрсетілетіндігі айтылды.


