АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ БӨЛІМІ

«САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ»

«Сарыағаш медресе колледжі» Ақпараттық технология бөлімінің

ЖОСПАРЫ

Ақпараттық технологиялар бөлімі

      ХХI ғасырдың оқыту технологиясы мен компьютерлік сауаттылықты арттыру мақсатында белгіленген күні жүелі түрде мұғалімдерге сабақ өтіледі. Сабақтың барысында интернеттік жүйе, компьютерлік сауаттылық, принтерде жұмыс істеу, онлайн білім беру жүесіне кіріп-шығуы оны басқару, бағалар, кері байланыстар онымен қоса интерактивті тақтамен жұмыс жасау проекторды қолдану үйретіледі.

Білім беру бағдарламаларын тиімді басқару үшін колледждің оқу-тәрбие процесі мен қызметі туралы ақпараттарды жинақтау, талдау мен тарату  бойынша жұмыстар жүйелі жүргізіліп отырады. Ақпараттық   технологиялар  саласындағы  қазіргі заманғы  жетістіктерді оқушылардың белсенді игеруіне мүмкіндіктер  жасау  мақсатында  жыл басында   колледжде ақпараттандыру жұмыстарының жоспары құрылып, соған сай жыл бойы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Колледжде ақпараттандыру жұмыстарын орындау арқылы келесі міндеттер жүзеге асырылған:

  • қазіргі заманғы  ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында студентердың ақпараттық мәдениетін қалыптастырылған;
  • оқытудың жаңа техникаларын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалана отырып, білім сапасын   арттырылған;
  • компьютерлерді жалпы білім және арнайы пәндерді үйренуде оқыту   құралы ретінде пайдаланылады;
  • ақпараттық технологиялар саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерді студентердың белсенді игеруіне мүмкіндіктер жасалған;
  • колледждің әр түрлі қызметтері үшін компьютерлік ақпараттық технологиялар енгізілген  (оқу бөлімі, есеп бөлімі, кітапхана, кадр бөлімі);
  • оқу процесінде компьютерлік технологияларды қолдану үшін бағдарламалық-педагогикалық құралдар жинақталған (электронды мультимедиялық оқулықтар, пәндер бойынша бақылаушы және оқытушы бағдарламалар, компьютерлік анықтамалықтар және энциклопедиялар және т.б.);
  • білім беру сапасын арттыру мақсатында пән сабақтарында интерактивті  оқыту технологиялары кеңінен пайдаланылады, оқытушылардың   халықаралық ғаламдық желілерге шығуы қамтамасыз етілген;
  • оқытушылардың қайта даярлау курстары жүргізілген (Internet, электронды пошта және ZOOM платформасының қызметтерін пайдалану).

       Жыл бойында оқу процесін материалдық базамен қамтамасыз ету  мақсатында колледж дәрісханалары, кітапхана, компьютерлік технологиялардың жай-күйлерін сараланады, жөндеу жұмыстарын қажет ететін құрылғылар дер кезінде жөндеу  жұмыстарына жіберіледі. Сонымен қатар, колледж бойынша барлық компьютерлерге вирустық бағдарламалар орнатылып,  интернет желісі арқылы пайдаланылатын материалдар мазмұны қадағаланады. 

   Мемлекеттік база НОБД, бағдарламасына студенттерді тіркеп,курстан-курсқа өткізіп,  түлектерді базадан шығарудамыз.

Сарыағаш медресе  колледжі жайлы қоғамды ақпараттандыру, талапкерлерге ақпарат беру, сұрақтарға жауап алу, желі арқылы бірлесе жұмыс жасап, тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатында Сарыағаш медресе колледжінің сайты 2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді. Және де 2020 жылы колледж сайтына жаңартулар мен өзгерістер енгізу жүргізілді. 2021 жылы ақпан айында Сарыағаш медресе сайтына тағы өзгерістер енгізіліп, толықтай ресми сайт жүргізіліп отыр.

Колледждің ресми www.kms.edu.kz сайты, бастапқы бетте «Сарыағаш медресе колледжінің ресми сайты және колледж логотипі» қойылған, «Басты бет» бөлімі, «Жаңалықтар» бөлімі, «Мақалалар» бөлімі «Фотогалерея» бөлімі, «Бейне», «Кітапхана», «Талапкер»,  бөлімі «Байланыс», бөлімі  және де Фотогалерея қамтылып жатыр. Колледждің сайты мобильді нұсқаға адаптация жасылынған. Сайтта колледждің тарихы, колледждегі және студенттік өміріндегі  жаңалықтар, ұстаздарды мақаласы, Қазақстан Республикасының мерекелік күндеріне орай елімізді колледж атынан құттықтау картинкалары жарияланған.

 «Басты беттен» колледж оқытушылары мен студенттерінің байқаулар, жарыстар, шеберлік сабақтары, семинарлар, конференциялар, on-line жүйесіндегі сабақтар,

жатақхана өмірі, тағы да басқа түрлі бағыттағы жұмыстар туралы мәліметті «Жаңалықтар» блогынан білуге болады және де қажетті фотосуреттер қоса беріледі. Жаңалықтар жолағында  колледждің қызметі жүйелі түрде көрінеді.

Колледж туралы бөліміне Сарыағаш медресе колледжі және директоры, оқытушылардың құрамы байланыс бағандары ораналсқан. Бұл бағандардан колледж тарихы, оның миссиясы және жетістіктері туралы білуге болады, басшылық, оқу үрдісі, тәрбие жұмысы, ата-ана колледжге өз ұсыныстары мен ескертулерін  кері байланыс арқылы сайттың төменгі бөлігінде көрсетілген электронды пошта арқылы хабарлама немесе байланыс жасай алады және де арнайы Сарыағаш медресе колледжі қызметіне қатысты толғандырып жүрген мәселелерді талқылау және сұрақтар қоюға арналған Директор блогы ашылған. Әр студент немесе азаматтар директор блогына пікірлер мен  ұсыныстар  қалдыруға мүмкіндіктері бар.  Мемлекеттік лицензиялар, кітапхана туралы барлық қажетті ақпаратты көре алады.

           Сарыағаш медресе колледжінің жетістіктері, тынысы мен атқарылып жатқан іс-шаралары сайттың бірінші бетіндегі Жаңалықтар бағанында студенттерге қолжетімді түрде берілген. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған бейне роликтерге де жеңіл қолжетімділігі қарастырылған.

          Колледж әкімшілігі  бағанында біздің колледждің оқу бөлімінің маманадары жайлы және олардың жылдық жоспарын, академиялық күнтізбесін, оқу үрдісінің графигін көре алады  және оқытушылар сайтқа жылдық жеке жұмыс жоспарларын жариялай алады.

      Колледждің тәрбие жұмыстарының мақсаты, жылдық жоспарлары, ішкі тәртіп ережелері, апталық, айлық кездесу жоспарлары, әскери-патриоттық жұмыс, спорттық үйірмелер жоспарларын жүктеп алуға мүмкіндіктер берілген.

      Колледждің ғылыми және оқу-әдістемелік қызметі оқытушылардың шығармашылық жұмысына, өз бетімен білімдерін жаңартуға және кәсіби педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, озық тәжірибені талдау мен жинақтауға арналған. 

        Талапкер бағынынан оқудың түрлері, мамандықтары туралы біле алады. Талапкер көмек бөлімшесінде таратпа материалдарға көз жеткізе алады, колледждің жыл сайын өткізілетін  ашық есік күні туралы біле алады. Колледжге қабылдау ережелері, оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі, түсу емтихандары туралы және олардың нәтижелері туралы ақпарат сайтта көрсетілген.

Ақпараттық технология бөлімі меңгерушісі                                                       Болат Н.