АДАМҒА АЛҒЫС АЙТПАҒАННЫҢ, АЛЛАҒА ШҮКІРІ ЖОҚ

Алғыс айту – халықтың жан ділі психологиясының қуатты болмысын дәлелдейтін, ризалық сезімін білдіретін бата-тілек дәстүрі. Белгілі әдебиеттанушы, тілші ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз» – деген еді.

Қазақ халқы – тумысынан кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. Ол әдетіміз әдепке айналған. Алғыс айту сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. Кез келген мұңайып тұрған адам бұл сөзді ести сала, көңілі жібиді, жадырап шыға келеді.

Кең пейілді қазақ халқы қашан да алғыс айтудан қашпаған. Халық арасында «алғыс – бата» деген ұғым бар. Көпті көрген ақсақалдар жастарға алғысын білдіріп, жасаған іс-әрекеттеріне көңілі толып, «Қолыңды жай, балам, батамды берейін, алғысымды білдірейін» деген. Бұл – үлкен тәрбие. Алғыс айту үшін арнайы жағдайды күту шарт емес. Мүмкіндік болып жатса, жақсы сөз айтудан жалтарып қалмау керек. Бұл – алдымен әдептіліктің белгісі. Жақындарыңызға, айналаңызға ризашылық білдірудің тиімді әдісі.

Related Post

⚜️2024 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы Игенбай Айдос Назкенұлы Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарға діни білім мен тәрбие беру мәселелері, Қазақстандағы діни ахуал, жастардың рухани және азаматтық құндылықтарын қалыптастыру тақырыптарында сөз сөйледі.⚜️2024 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы Игенбай Айдос Назкенұлы Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарға діни білім мен тәрбие беру мәселелері, Қазақстандағы діни ахуал, жастардың рухани және азаматтық құндылықтарын қалыптастыру тақырыптарында сөз сөйледі.

🔰Айдос Назкенұлы студенттерге қазіргі қоғамда діни білім мен мәдениеттің маңызы туралы айтып, олардың қоғамда белсенді әрі жауапты азамат болып өсуі үшін дұрыс бағыт-бағдар алу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, діни